Municipal public
public institution
"С.Копбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп"
Education Department of Almaty
Reception room :
+7(727) 360 45 45
bookkeeping:
+7(727) 360 45 45
Version for
visually impaired
06
March
2023

«Қадыр оқулары» байқауының аудандық кезеңі

06.03.2023 жылы Municipal public,Наурызбай ауданы «С.Көпбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектепте» Республикалық «Қадыр оқулары» байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты: мектеп оқушылары арасында Қадыр шығармаларын насихаттау,оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру. Талантты ақынымыздың шығармаларын жас ұрпаққа дәріптеу. Оқушыларды мәнерлеп оқуға, сөз асылын түсіне білуге, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу, ұлттық асыл қасиеттері мен құндылықтарын бойына сіңіру. Оқушылардың ой тұжырымдарын, әдеби тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту.

Байқаудың әділ қазылар алқасы:

1.Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Молдасанов Ерсайын Мышанұлы

2. «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» кураторы Атеева Назгүл Нұрсұлтановна

Байқау 3 номинация бойынша өткізілді.

1. «Сөзім барда,өзім бар» ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу.
2. «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы...» ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындау.
3. «Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» жазба ақындар мүшәйрасы.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: