Municipal public
public institution
"С.Копбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп"
Education Department of Almaty
Reception room :
+7(727) 360 45 45
bookkeeping:
+7(727) 360 45 45
eOtinish.kz
Version for
visually impaired
04
January
2024

«Өнер сүйген , білім сүйген ұрпақпыз» атты семинар

Municipal public, Наурызбай ауданы, № 186ЖББМ Эстетикалық пәндер бірлестігі 03.01.2024ж «Өнер сүйген , білім сүйген ұрпақпыз» атты семинар өтті. Мақсаты: Қазақтың ұлттық өнері мен ұлттық ойындарын насихаттау. Семинардың ашылуына мектеп директоры Раева Г.Б құттықтап сөз сөйледі. Семинар жарыс түрінде болғандықтан дене қыздыру сергіту сәтінде барлық ұстаздар қара жорға биін биледі. Көркем еңбек пәні мұғалімдері қолдан жасалған бұйымдарынан көрме ұйымдастырды. Дене шынықтыру пәні мұғалімі Байболов Е. тоғызқұмалақ ойынының ережесімен таныстыра отырып жарыс өткізді, ұстаздар арасында Абдіхалық Ү. мен Дәукенова Н. шеберлік көрсетті. Тұмақ ұру ойынына да ұстаздар қызыға қатысты. Сисенова Ж. бес асық ойынының ережесімен таныстырды. Асық ату кезеңінде де ұстаздар шеберлік танытып ойынды қыздыра түсті. Әсіресе арқан тарту ойыны өте қызықты өтті, бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі мен орыс тілі пәні бірлестігінің ұстаздары жарысқа белсене қатысып жеңімпаз атанды.
Эстетикалық пәндер бірлестігінің жетекшісі Жумагулов Н.М.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: