Municipal public
public institution
"С.Копбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп"
Education Department of Almaty
Reception room :
+7(727) 360 45 45
bookkeeping:
+7(727) 360 45 45
Version for
visually impaired
» » «Мамандығым – мақтанышым» тақырыбында кездесу болып өтті.
11
April
2024

«Мамандығым – мақтанышым» тақырыбында кездесу болып өтті.

11.04.2024 жылы «С.Көпбаев атындағы № 186 ЖББМ» КММ- де «Мамандығым – мақтанышым» тақырыбында кездесу болып өтті.
Мақсаты: Мектеп оқушыларын дұрыс мамандық таңдауға бағыттау, әр мамандықтың артықшылықтары мен қиындығын түсініп, өмірдегі өз жолын табуға бағыт-бағдар беру.
Мамандық таңдау – тек оқу мен диплом алу ғана емес, бұл – өз өмір жолыңды дұрыс таңдау. Мамандықты дұрыс таңдау – бұл ұзақ кәсіби өмірде сенімділік пен жан тыныштығы. Тек өзіне ғана емес, бүкіл қоғамға пайдалы қызмет етудің алғы шарты.
Кездесуге :
1) Белгілі қазақстандық кәсіпкер, меценат, «TAS GROUP» компаниялар тобының директоры, Алматы қалалық мәслихатының депутаты, қазақ тілінің жанашыры – Дулат Тастекеев.
2) ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Шолпан Сіргебаева
3) Журналист, «Айтарым бар», «Қонақ кәде», «ХХІ ғасырдағы қазақ балалары», «Солай екен», «Жеті өнер», «Таңдау» телебағдарламаларының авторы, «Білім айнасы» қауымдастығының The presidentі – Қуантай Амантайұлы.
4) Наурызбай ауданы білім бөлімінің басшысы, Білім беру ісінің үздігі – Кусаинова Салтанат Амангелдіқызы
5) Техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ автомобиль-жол институтының доценті, «Қазақстанның дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері – Елемес Дархан Елемесұлы.
6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкері, мектеп түлегі – Бекішов Еламан қатысып өз тәжірибелерімен SWOT талдау жасау арқылы бөлісті.
Оқушылар кездесуден мамандыққа деген көзқарастары өзгеріп, сыры мен сынын түсініп, үлкен әсерде қайтты. Білім алушыларға сыйлаған тамаша мүмкіндіктеріңіз үшін алғыс айтады.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: