04
October
2024
«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»
«Қарттарын қадірлеген ел ардақты» дейді қазақ халқы. Қариялар күніне орай 8 «Г» сыныбы мен сынып жетекшісі бастап ардақты ұстаз, аяулы ана, бақытты әже болып отырған Елизавета Филиппиовнаның үйіне ақ тілегі мен батасын алуға қонақта болды. Оқушылармен ашық диалог құрып, білім мен ілімнің қыр-сырын саралап, сабақтап берген Елизавета апай сондай байыпты, байсалды мінезімен ұстазға біткен қасиетімен жадырап оқушыларға үлкен ұсыныс айтты. Ешқашан уақытты босқа өткізбей үнемі ізденісті талап етті. Өткен өмірінен өз заманының оқушыларын салыстыра кетті. Сынып жетекшісі Абубакирова Асель Сабитовнаға ризашылығымызды білдіреміз.