Municipal public
public institution
"С.Копбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп"
Education Department of Almaty
Reception room :
+7(727) 360 45 45
bookkeeping:
+7(727) 360 45 45
eOtinish.kz
Version for
visually impaired
28
февраль
2021

Бүгін жыр алыбы - Жамбыл Жабаев өмірге келген күн.

«Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей - көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым содан» -дейді ақын.

Жамбыл жастайынан зерек, өлең жырға құMarchып өскен. Тума таланат талай шаршы топта айтысқа түсіп, аты алашқа мәшһүр болған суырып салма, айтыскер ақын.

Сонау Мәскеуге барып, Сталиннің алдында салмақты сөз, саналы ой айтуының өзі оның ақындық қана емес, азаматтық қайраткерлігінің бір қыры ғана болса керек.

«Өлең – жырдың даңғылы», қазақтың Жамбылы – ұлы жырау. Мұхтар Әуезовше айтсақ, «Жамбыл - аса зор құбылыс, ол әрі эпик, әрі айтыс ақыны, әрі азаматтық әуеннің ақыны».

Жамбыл жырының бастауы тым тереңнен, айтыс ақындарының алтын діңгегінен тамыр тартады. «Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай!» деуінің сыры да осында. Жамбыл өзі өмір сүрген қоғамның жақсылығын да, қайшылығын да поэтикалық өрнек айшықтарымен өре білді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: