Municipal public
public institution
"С.Копбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп"
Education Department of Almaty
Reception room :
+7(727) 360 45 45
bookkeeping:
+7(727) 360 45 45
eOtinish.kz
Version for
visually impaired
06
May
2021

Қоспайұлы Байсерік

Қоспайұлы Байсерік

Қоспайұлы Байсерік, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы интернационал колхозында 1923 жылы 20 маусымда дүниеге келген.



Қоспайұлы Байсерік «Бірлік» орта мектебінде білім алған. 1940 жылы әскер қатарына шақырылды, Ұлы Отанн соғысына Municipal publicнда әскери дайындықтан өтіп жүрген жерінен аттанды.

Ол Украйна, Беларусия Mayдандарында жаумен бетпе – бет келіп талай жарақат алып емделді. Бірақ қайсар жауынгер Қоспайұлы Байсерік Ұрыстың Соңына жетпей, 1944 жылы оң аяғынан айрылып елге оралды. Еліне оралған азамат тыл Mayданына аянбай араласып кетті. Қарапайым еңбектен есепші, ферма меңгерушісі, бөлім меңгерушісі қызметіне дейін жетті.

Ұлы отан соғысындағы ерлік істері үшін:

1966 жылы Кеңес Одағының «Маршал Жуков» медалімен,

1975 жылы Ұлы Отан соғысы жеңісінің 30 жылдығы 1941-1945жж» медалімен,

1985 жыы «Ұлы Отан соғысы жеңісінің 40 жылдығы» медалімен,

1988 жылы «СССР қарулы күштерінің 70 жылдығы» медалімен,

2000 жылы «елбасының жеңістің 55 жылдығы құрметіне» 1941-1945жж соғыс ардагері белгісімен марапатталған.

Қоспайұлы Байсерік, үлкен отбасы иесі болды. Ол алты ұл,төрт қыз тәрбиелеп өсірді. Олардан елу немере, жиырма шөбере тараған.

Қоспайұлы Байсеріктің өмір серігі Гүлназ ана-белгілі революционер Жәкіш Байсембаевтің қызы еді. Ол кісі он ұл қыз өсірген «Батыр ана» болатын.

Бүгінде Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Қоспайұлы Байсерік есімі өзі еңбек еткен «Кеңесшіл» аулының үлкен the outsideне және Қ.Үкібаев атындағы орта мектебінің "Қазақ тілі және әдебиеті" кабинетіне аты берілді.

Қоспайұлы Байсеріктің ұрпақтары ауылдың жастарын салауатты өмір салтын ұстануға айрықша көңіл бөлуде. Атап айтар болсақ жыл сайын "Жеңіс күніне" орай ауыл жастары арасында дәстүрлі түрде футбол жарыстары өткізіліп келеді

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: