Алматы қаласы
Білім басқармасының
"С.Копбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 360 45 45
Есепші бөлімі:
+7(727) 360 45 45
Нашар көрушілер
нұсқасы
Демалыс уақытысындағы қауіпсіздік шараларын түсіндіру мақсатында 1-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары өткізілді.
20
март
2024
Демалыс уақытысындағы қауіпсіздік шараларын түсіндіру мақсатында 1-11
Алматы қаласы,Наурызбай ауданы №186 мектепте демалыс уақытысындағы қауіпсіздік шараларын түсіндіру мақсатында 1-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары өткізілді. Мақсаты: балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге; Демалыс кезінде су қауіпсіздігін сақтауын қадағалау; жасы кішкене балаларды өздігінен өзенге жібермеу; өзенге шомылғанда терең жерге бармау туралы ескерту;
Бүгін 19 наурыз «Жаңару» күні.
19
март
2024
Бүгін 19 наурыз «Жаңару» күні.
Бүгін 19 наурыз «Жаңару» күні. Наурызда ағаш отырғызу сауапты іс. «Атадан мал қалғанша-тал қалсын» деген бар, ағаштың көктеуі -жаңа өмірдің бастауы, жаңару, жаңа бастауды білдіреді. Көктем – табиғаттың жаңарып, тіршілік қайта жанданатын мезгіл. Айрықша мейрам – Ұлыстың ұлы күні де жаңару, жаңғыру ұғымдарынан құралған. Сондықтан 19 наурыз – Жаңару күні. Осы күні көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыруды ұсынды. Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері ауданымыздың жаңаруына өз үлестерін қосты👏✅