Алматы қаласы
Білім басқармасының
"С.Копбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 360 45 45
Есепші бөлімі:
+7(727) 360 45 45
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Төрт тоқсанда-төрт өнер» жобасы аясында ұлттық құндылықтарды насихаттау, ұлттық мәдениетті, киімді дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған «Ұлттық киім күні» өз жұмысын жалғастыруда.
13
февраль
2024
«Төрт тоқсанда-төрт өнер» жобасы аясында ұлттық құндылықтарды
«Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы, «Төрт тоқсанда-төрт өнер» жобасы аясында ұлттық құндылықтарды насихаттау, ұлттық мәдениетті, киімді дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған «Ұлттық киім күні» өз жұмысын жалғастыруда.
Баскетболдан жарыс өткізілді
13
февраль
2024
Баскетболдан жарыс өткізілді
«С.Көпбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 8-10 сынып оқушылар арасында баскетболдан жарыс өткізілді. В нашей школе 6 февраля прошли соревнования по баскетболу среди учащихся 8-10 классов. Учитель: Молдагажанов Галым Толеуханович.
"Ауғанның асуында от кешкендер" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді
13
февраль
2024
"Ауғанның асуында от кешкендер" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді
    С.Көпбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектебінде 2023 жылдың 13 ақпан күні 5-11 сынып оқушыларына "Ауғанның асуында от кешкендер" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Республикалық Мұқағали Мақатаев оқуларының мектепішілік кезеңі өткізілді.
12
февраль
2024
Республикалық Мұқағали Мақатаев оқуларының мектепішілік кезеңі
12 ақпан күні Республикалық Мұқағали Мақатаев оқуларының мектепішілік кезеңі өткізілді. Байқау үш бағыт бойынша өтті: «Айтып өткен ақында арман бар ма?» (ақын өлеңдерін жатқа оқу), «Жыр эстафетасы» («Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек», «Алтай – Атырау» поэмаларын мәнерлеп жатқа оқу), «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» (жас ақындар). Байқау мақсаты: Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Өз
Ұлттық мектеп лигасының қалалық іріктеу кезеңінде бес асық спорт түрінен 9-11 сыныптар арасында жалпы командалық есепте 2-орынға, 5-6 сыныптар арасында 3-орынға ие болған №186 ЖББМ Наурызбай ауданы марапатталады.
10
февраль
2024
Ұлттық мектеп лигасының қалалық іріктеу кезеңінде бес асық спорт
Ұлттық мектеп лигасының қалалық іріктеу кезеңінде бес асық спорт түрінен 9-11 сыныптар арасында жалпы командалық есепте 2-орынға, 5-6 сыныптар арасында 3-орынға ие болған №186 ЖББМ Наурызбай ауданы марапатталады. Жетекшісі:Сисенова Жанар. Мақсаты-білім алушыларды рухани-адамгершілік,патриоттық бағытта тәрбиелеу,мәдени құндылықтарды сақтау және ұлттық ойындарды дәріптеу.Ұлттық ойындар-адамға қанат бітіріп,шабыттандыратын ғажайып сайыстар,ол денсаулықтың ғана емес,өмір үйлесімділігінің кепілі.
«Дариға-жүрек» атты әдеби-сазды кеш өткізілді
09
февраль
2024
«Дариға-жүрек» атты әдеби-сазды кеш өткізілді
Ақпан айының 9 жұлдызында қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың 93 жылдық мерейлі мерекесіне арналған «Дариға-жүрек» атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Кеш барысында  оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрініс арқылы әсерлі түрде жеткізді. Ақын өлеңдеріне жазылған әндерден шашу шашып, “Бақыт” әніне бастауыш сынып оқушылары хор орындады. Орыс тілді сыныптар да белсене қатысты. Кеш соңында мектеп директоры Г.Б.Раева
«Ақ шағала» хореографиялық фестиваль-байқауының мектепшілік кезеңі өткізілді
09
февраль
2024
«Ақ шағала» хореографиялық фестиваль-байқауының мектепшілік кезеңі
«С.Көпбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5-10 сынып оқушылар арасында «Ақ шағала» хореографиялық фестиваль-байқауының мектепшілік кезеңі өткізілді. Фестиваль-байқаудың мақсаты: білім алушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және одан әрі дамыту бойынша жүйелі және мақсатты іс-шаралар жүргізу, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға тарту, балаларды қосымша біліммен қамту. В