Алматы қаласы
Білім басқармасының
"С.Копбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 360 45 45
Есепші бөлімі:
+7(727) 360 45 45
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
декабрь
2022

Қалалық сейсмикалық жатығулар

     С.Көпбаев атындағы №186 ЖББМ 2022 жылдың 2 желтоқсан  күні сағат 11:00-де жалпы қалалық сейсмикалық жатығулардың өтуіне байланысты төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында сейсмикалық жаттығу өткізілді. Мақсаты: балаларды дайындау, төтенше жағдай мен бетпе-бет кездескенде олардың қауіпсіздік мәдениетін жоғарылату. Мектепшілік жаттығуға мектеп әкімшілігі мен мектеп мұғалімдері жұмылдырылды. Сейсмикалық жаттығуларды бастамас бұрын дабыл чемоданы дайындалды. Оқушыларды қауіпсіз жерге эвокуациалау бағыты айқындалды. Апатты жағдайда қағылатын дабылды естіген мектеп оқушылары жаппай сыртқа ұмтылды. Басын сөмкемен жауып алған оқушылар шапшаң далаға шықты. Сейсмикалық жаттығу барысында оқушылар 3-5 минут аралығында қауіпсіз жерге шығарылды. Сыртқа шыққандар топ болып тұра қалып, сыныптастарын түгелдей бастады. Қолдарына жасыл түсті қағазды ұстағандар өздерінің түгел екенін хабар беріп тұрды. Бұл тәсіл апатты жағдайда ақпарат берудің ең оңтайлы тәсілі. Сейсмикалық жаттығу барысында 5-11 сынып, 505 оқушы түгел қауіпсіз алаңға шығарылды. Мектеп алаңына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Конратбаев.А және пән мұғалімдері өз сыныптары бойынша оқушылардың толық шыққандығын баяндады. Мектем медбикесі Толыбаева Г. алғашқы көмек көрсетуге дайын болды, және мектеп спортзалында зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету пункті құрылды. Пункт мүшелері өз жұмыстарына дайын болды. Өткізген:   алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Жұмағұлов Н 

2 декабря 2022 года  в 11:00 в целях предотвращения чрезвычайных ситуаций в связи с проведением общегородской сейсмотренировки в общеобразвательной школе № 186 им. С.Копбаева была проведена сейсмотренировка. Цель заключается в отработке действий учащихся при возможных землетрясениях, действий по эвакуации людей, оказание помощи пострадавшим, ликвидация последствий землетрясенияповысить подготовку безопасности в условиях чрезвычайной ситуации.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: