Алматы қаласы
Білім басқармасының
"С.Копбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 360 45 45
Есепші бөлімі:
+7(727) 360 45 45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің шеберханасы: қиыннан қызыққа, ойыннан ойға бағыттау» тақырыбындағы қалалық семинар
27
январь
2023

«Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің шеберханасы: қиыннан қызыққа, ойыннан ойға бағыттау» тақырыбындағы қалалық семинар

2023 жылдың 27 қаңтар күні Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, «С.Көпбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нде қазақтың біртуар тұлғалары Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығы және Мұрат Әуезовтың 80 жас мерейтойына орай ұйымдастырылған «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің шеберханасы: қиыннан қызыққа, ойыннан ойға бағыттау» 
тақырыбындағы қалалық семинар өтті. 
Семинар Алматы қаласы  Білім басқармасының «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығымен»  бірлесе ұйымдастырылды. Семинарға Алматы қаласы мектептерінің 48 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты. Ұйымдастырушылар заманауи білім берудегі жаңа технологиялар мен әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, білім сапасын көтерудің, оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылығын арттырудың маңызы мен шешу жолын өз іс-тәжірибелерімен ұштастыра отырып көрсетті.
Мектеп директоры Г.Б.Раева оқу жобаларымен, танысу тренинигін жүргізді. 3 топ шеберлік сабақтарына бөлінді. Жас  ұстаз Жуманова Жансая  «Z ұрпақ және көркемдік таным»  тақырыбындағы  ақпарат жетістігімен оқушының қызығушылығын арттырудағы ізденіс пен танымдық қабілетін ашуда ойын элементін жаңашалау бағытындағы шеберлігін айқын аңғартты.  Аликулова Алмагулдің 7 сыныпта өткен  «М. Әуезов «Көксерек» әңгімесіндегі тұлғалық ерекшелік» тақырыбында оқушылар замана келбетін аша білді. Жидебаева Аяулым мен Сугурбекова Зауре өткен  «Мұражайдағы ұлттық қор» тақырыбы орыс сыныбындағы шәкірттердің мемлекеттік тілге деген қызығушылығын оятудағы әдіс-тәсілді жүйелей білді.
Мұратбек Нұрбол мен Жуманова Жансая «Қазақ әдебиетін оқытудағы жоба жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми негіздері мен тәжірибесі» дәрісінде интерпретация жасаудың ғылыми негіздерін атап көрсетті. Шара соңы «Оқуға құштар мектеп» жобасы: айқын мақсат, жарқын жолдағы  «30 ән, 30 кітап»  атты әдеби-танымдық кешпен жалғасын тапты. Ұлы тұлға М.Әуезовтың «Жетім» әңгімесінің сахналық көрінісі, ертегі әлеміндегі бастауыш сынып оқушылары көрермен қошеметіне ие болды.
Қонақтар жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шарадан алған әдістемелік көмектері үшін мектеп әкімшілігіне зор алғыс білдіріп, ұстаздардың шығармашылығына табыс тіледі.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: