Алматы қаласы
Білім басқармасының
"С.Копбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 360 45 45
Есепші бөлімі:
+7(727) 360 45 45
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
сентябрь
2023

Исраил САПАРБАЙМЕН кездесу кеші

28.09.2023 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» әдістемелік бірлестігінің «Тіл — адамзаттың ең асыл қазынасы» атты онкүндігінің аясында ақын, драматург, аудармашы, сазгер, «Платина Тарланы» тәуелсіз сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері Исраил САПАРБАЙМЕН кездесу кеші өтті.
Кеш барысында оқушылар ақынның балалық шағынан бастап бүгінге дейінгі қызықты естеліктерін тыңдап, ақынға түрлі сұрақтар қойды. Сазгердің жүрек тербейтін нәзік лирикалы әндерін орындап, ақын өлеңдерінен сахналық қойылым қойды.
Ақын Исраил Сапарбайдың шығармашылығын насихаттап, ақынның өнері мен өнегелі өмірін үлгі етуді мақсат еткен кездесу кеші жоғары деңгейде өтті. Ақын ұйымдастырушы мұғалімдерге ризалығын білдіріп, оқушыларға ақ батасын беріп, қимай қоштасты.


 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: