Алматы қаласы
Білім басқармасының
"С.Копбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 360 45 45
Есепші бөлімі:
+7(727) 360 45 45
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
октябрь
2023

Мектепішілік ата-ана жиналысы өтті

№186 ЖББМ 3 қыркүйек күні мектепішілік ата-ана жиналысы өтті. Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер:
1. Құқықбұзушылықтың алдын - алу бойынша мектеп инспекторы Мухатаева Раушан Сериковна және ДТІЖО Конратбаев А.Ж  түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
2. Интернеттің пайдасы мен зияны. Интернеттің бақылаусыз пайдалану және әлеуметтік желілерде сөйлесу бойынша түсіндірме жұмыстары.
Жиналыс барысында Құқықбұзушылықтың алдын алу жайлы, кибербуллинг, буллинг, ерте жүктілік, интернет желiсiндегi қауіп, т. б. тақырыптар жөнінде түсiндiрме жұмыстары жүргізілді. 
Отбасы құндылықтары туралы ақпараттар айтылып, әсерлі бейнеролик көрсетілді. Ата-аналардын қатысуымен тренингтер жүргізілді. Мақсаты: Ата – аналар арасында жағымды қарым – қатынас орнату. Отбасы — тәрбиенің бастауы, бала өміріндегі маңызды – өнеге баспалдағы екендігін ескере отырып, отбасымыздағы өнегелі тәлім-тәрбие арқылы бала бойында адамгершілік, сыйластық, ата-анаға, қоршаған ортаға, қоғамға деген сүйіспеншіліктерін, тәрбие тәсіл, тәжірибелелері арқылы сіңіру, тәрбиелеу.
КГУ "ОШ 186 им С.Копбаева" состоялось внутришкольное родительское собрание.
Велись разъяснительные работы по темам предотвращении преступности, буллинга, ранней беременности, опасности в интернете и другое.
Была представлена информация о семейных ценностях и показан впечатляющий видеоролик.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: