Алматы қаласы
Білім басқармасының
"С.Копбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 360 45 45
Есепші бөлімі:
+7(727) 360 45 45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 7-сынып оқушыларына құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді
23
ноябрь
2023

7-сынып оқушыларына құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді

Наурызбай ауданы, «С. Көпбаев атындағы №186 ЖББМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылы қараша айының 27 күні 7 сынып оқушыларына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және ювиналды полиция майоры Нұғыманов Ермек Бекқалиұлы қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында Нұғыманов Е. Б. құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізді. Кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқықбұзушылық және қылмыс белгілерімен, олардың түрлерімен таныстырды. Оқушыларға ұсақ бұзақылыққа бармау, бір-біріне әлімжеттік көрсетпеу керектігі, біреудің затын рұқсатсыз алмау сияқты бірқатар ескертулер айтылып, ондай жағдайлар орын алғанда әкімшілік айыппұл не есепке алу шаралары барын атап өтті. Аталған алдын алу шаралары оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтауға, мектептің ішкі тәртіп ережесін бұзбауға ықпал етеді.
В общеобразовательной школе №186 им.С. Копбаева майор ювинальной полиции Нугыманов Е.Б. и заместитель директора по воспитательной работе провели разъяснительную работу среди учащихся 7 классов с целью профилактики правонарушений среди детей и подростков, недопущения роста преступности среди несовершеннолетних.
В ходе совещания были даны разъяснения по терминам «правонарушение», « буллинг», даны разъяснения по его видам и последствиям.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: