Алматы қаласы
Білім басқармасының
"С.Копбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 360 45 45
Есепші бөлімі:
+7(727) 360 45 45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Жігіттер сұлтаны-2023” байқауының аудандық кезеңі өтті
19
январь
2024

“Жігіттер сұлтаны-2023” байқауының аудандық кезеңі өтті

Алматы қаласы Наурызбай аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №174 мектеп-гимназияда 9-11 сынып оқушылар арасында “Жігіттер сұлтаны-2023” байқауының аудандық кезеңі өтті.
Мақсаты:Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау, жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу, жігіттерді сегіз қырлы, бір сырлы болуға, яғни, жан-жақтылыққа баулу. Ұлттық нақышта ұйымдастырылған іс-шараның жоғары дайындықпен, жан-жақты ізденіспен, үлкен жауапкершілікпен жасалынғаны байқалып тұрды.
Байқауға қазылық еткен қазылар алқасының құрамында Наурызбай аудандық білім бөлімінің бастығы Кусаинова Салтанат Амангельдиновна, Наурызбай аудандық білім бөлімінің әдіскері Бралина Назия Ғалымқызы,Ардагер ұстаз Шай кенова Ляззат Шаймуратовна, Республикалық «БІЛІМ АЙНАСЫ» жобаларының негізін қалаушы, журналист Қуантай Амантайұлы,
ҚР Суретшілер одағының мүшесі”Бабалар аманаты” Халықаралық көркем еңбек пән мұғалімдері жобасының жетекшісі Кодеков Қанағат Қалиұлы болды.
Байқау 5 кезең бойынша жоғары деңгейде өткізілді.Қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп, сонымен қатар Калашников автоматын жартылай бөлшектеу және құрастыру бойынша бақ сынады. Байқауға қатысушы жігіттеріміз ақыл-ой тереңдігін, ой-ұшқырлығын сарапқа салу мақсатында қазақ халқының салт-дәстүрлері, этнография, мәдениет, тіл мен тарихқа байланысты сұрақтарға да жауап берді.
“Жігіттер сұлтаны-2023” байқауының аудандық кезеңіне С.Көпбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектептің 10 «А» сынып оқушысы Әмілбек Ернур Ерланұлы қатысып, ІІІ орын иегері атанды.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: