Алматы қаласы
Білім басқармасының
"С.Копбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 360 45 45
Есепші бөлімі:
+7(727) 360 45 45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Менің шағын Отаным" атты Республикалық интеллектуалдық конкурс
08
октябрь
2024
"Менің шағын Отаным" атты Республикалық интеллектуалдық конкурс
08.10.24 күні “С.Көпбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектепте” жас тарихшылардың “Менің шағын Отаным” атты  Республикалык интеллектуалдық конкурсының аудандық байқауы өтті. Конкурс 4 номинация бойынша жүргізілді. Алматы қаласы Наурызбай ауданының мектептері қатысты. ”Менің шағын - Отаным” тақырыбын да аудан оқушылары эссе, видеоролик, презентация және шағын макеттер жасап, өз жұмыстарын қорғады.
Ағылшын пәнінің ӘБ онкүндігі
08
октябрь
2024
Ағылшын пәнінің ӘБ онкүндігі
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы “С.Көпбаев атындағы 186 жалпы білім беретін мектеп” 23.09.24 күні мектебімізде  ағылшын тілі апталығының ашылуы өтті! Алдағы 10 күн ішінде оқушыларды қызықты және жарқын іс-шаралар күтуде: викториналар, олимпиадалар, ойындар, шеберлік сыныптары мен квесттер. Әрбір оқушы өзінің білімін шыңдап, шығармашылық қабілеттерін көрсете алатын мүмкіндікке ие болады.  Ағылшын тілінің керемет әлеміне саяхат жасауға дайынсың ба?
"Ұстаз-мектептің жүрегі"
04
октябрь
2024
"Ұстаз-мектептің жүрегі"
«Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.  «Ұстаздар» мерекесі құтты болсын!
«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»
04
октябрь
2024
«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»
«Қарттарын қадірлеген ел ардақты» дейді қазақ халқы. Қариялар күніне орай  8 «Г» сыныбы мен сынып жетекшісі бастап ардақты ұстаз, аяулы ана, бақытты әже болып отырған Елизавета Филиппиовнаның үйіне ақ тілегі мен батасын алуға қонақта болды. Оқушылармен ашық диалог құрып, білім мен ілімнің қыр-сырын саралап, сабақтап берген Елизавета апай сондай байыпты, байсалды мінезімен ұстазға біткен қасиетімен жадырап оқушыларға үлкен ұсыныс айтты. Ешқашан уақытты босқа өткізбей үнемі ізденісті талап етті.
1 сынып оқушыларын мектепке бейімдеу жұмысы
02
октябрь
2024
1 сынып оқушыларын мектепке бейімдеу жұмысы
1 сынып оқушыларын мектепке бейімдеу жұмысы барысныдағы Қыркүйек айының нәтижесін бақылау бойынша психологиялық тестілеу жұмысы.
«Айтыс – сөз барымтасы»
01
октябрь
2024
«Айтыс – сөз барымтасы»
«Айтыс – сөз барымтасы» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, айтыс - қазақ халқының әдеби мол мұраларының бірі болып табылады. «Айтыс» деген атау айтысу, тартысу, дауласу, жарысу, сынасу мағынасында қолданылады. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы айтыс өнерінің өркендеп, өрістеген дәуірі болып табылады. Айтыс – ақындар үшін сөз таласы, сөз барымтасы, сөз майданы ғана емес. Ол – ақындық өнер салыстыратын, жауаптаса отырып, білім шарқын байқататын жер. Сондықтан да айтысқа түсетін әрбір
"Үйдегі көне сурет тарихы"
30
сентябрь
2024
"Үйдегі көне сурет тарихы"
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы “С.Көпбаев атындағы 186 жалпы білім беретін мектеп” “Үйдегі көне сурет тарихы” атты жоба 9-сынып оқушыларымен қайта жанданды. Жобаның негізгі мақсаты: Жас ұрпаққа отбасы құндылықтарын құрметтеуге одан өздеріне тәлім-тәрбие ала білуге, үлкенді сыйлап, кішілерге қамқор болуға, өткенді есте сақтап, жан-жақты болуға баули адамгершілік тәрбиесін беру
“Табысты бала тәрбиелеудегі мектеп пен отбасы серіктестігі”атты тақырыпта ата-аналар жиналысы
26
сентябрь
2024
“Табысты бала тәрбиелеудегі мектеп пен отбасы серіктестігі”атты
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы “С.Көпбаев атындағы 186 жалпы білім беретін мектеп” КММ  26.09.24 ж күні мектебімізде, 5-11 сыныптардың арасында “Табысты бала тәрбиелеудегі мектеп пен отбасы серіктестігі”атты тақырыпта ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібі: 1. “Отбасылық құндылықтар мен оның бала үшін маңызы» 2. “Ғаламтор желісіндегі қауіпсіздік” 3. Мектептің ішкі тәртібі мен ережесі. “Мектеп формасына қойылатын талаптарды “ сақтау бойынша ата-аналарға ақпараттық, түсіндіру жұмыстары. ”Бала
“Экспримент жасап көрейік”
25
сентябрь
2024
“Экспримент жасап көрейік”
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы “С.Көпбаев атындағы 186 жалпы білім беретін мектеп”  Мектебімізде математика, информатика және физика апталығың ашуыла байланысты ұсақ қоңырлауда әр түрлі   эксприменттер, көңілді үзіліс атты кішігірім сабақтар өтілуде. Солардың бірі физика. сабағынан “Экспримент жасап көрейік”  атты сабақ өтті.
"Әлемді сандар билейді" атты математика,информатика және физика апталығының ашылуы
23
сентябрь
2024
"Әлемді сандар билейді" атты математика,информатика және физика
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы “С.Көпбаев атындағы 186 жалпы білім беретін мектеп” 23.09.24 күні мектебімізде “Әлемді санда билейді” атты математика, информатика және физика апталығы басталды.  Апталықтың мақсаты:  Математика, информатика және физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға  қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру;