Алматы қаласы
Білім басқармасының
"С.Копбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 360 45 45
Есепші бөлімі:
+7(727) 360 45 45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы қаласы, Наурызбай ауданы С.Көпбаев атындағы №186 мектептің 8 А сынып оқушысы Тұқан Елдар
01
декабрь
2020

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы С.Көпбаев атындағы №186 мектептің 8 А сынып оқушысы Тұқан Елдар

Абай атама арнау

Тұқан Елдар

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы С.Көпбаев атындағы №186 мектептің А сынып оқушысы

Арқалап сансыз азап-мұң, 

Жыр жаздың елге ғажап тым.

“Мыңмен де жалғыз алыстың”,

Бақыты үшін Қазақтың.


Ақылмен өрнек өргесін,

Жүректің шерттің пернесін.

“Әсемпаз болған әр неге”,

Егіліп айттың елге сын.


Әкеден туып жаны асыл,

Білім іздедің жаңашыл.

“Ғылым таппай мақтанған,”

Жастарға болдың жанашыр.


Наданға жүрдің сия алмай,

Қазақтан бір сый алмиай.

“Өзгеге көңілің тойсада”,

Өлеңді кеттің қоя алмай.


Ақын болып сыр шертемін,

Абайсыз елде келте-мұң.

Қазақтың сенсің шын досы,

Ойлаған елдің ертеңін.


Бүгінде міне азатпын,

Абайы бар қазақпын.

Абайым менің қағыбам,

Бастағы бағым ғажап тым.


О, Желтоқсан

Тұқан Елдар

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы С.Көпбаев атындағы №186 мектептің 8 А сынып оқушысы


О, Желтоқсан! Ойға түстім мен талай,

Сәбилігім содан артұан марқалай.

Қанға бөккен қасыретіңді ұғынып,

Қасиеттеп өлең жазғам мен талай.


О, Желтоқсан! Ойлай-ойлай мұң кешем,

Ұмытылмас қайғым едің мүлде сен. 

Аяздғы алаңыңды еске алып,

Лазат-жүрек, Қайрат-жырмен үндесем.


О,Желтоқсан! Шұбап ойда із қалың,

Алаңыңда ойға батып мызғадым.

Сезінгендей болдым содан кешегі,

Сексен алты жастарының мұң-зарын.


О, Желтоқсан! Бермесеңде еш несіп,

Келем жиі шындығыңмен беттесіп.

Ертеңіңе енші бөліп бер десе,

Берем саған өз денемнен ет кесіп. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: