15
март
2025
Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған патриоттық іс-шара

2025 жылғы 14 наурызда Наурызбай ауданы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында «Казарманың бір күндік өмірімен танысу» жобасы өтті.
№186 жалпы білім беретін мектептің «Жас сарбаз» сыныбының оқушылары АӘД пәні мұғалімі Жумагулов Н.М. және сынып жетекшісі Каузбаева Т.М. жетекшілігімен 2227 әскери бөліміне экскурсияға барды. Іс-шара барысында оқушылар сарбаздардың күнделікті тұрмысымен, әскери тәртібімен және қару-жарақ түрлерімен танысты.
Ашық есік күні жас жеткіншектер үшін қызықты әрі пайдалы болды. Олар нағыз әскери өмірді көзбен көріп, Отан қорғаушылардың қызметіне деген құрметін арттырды. Мұндай іс-шаралар жастардың патриоттық рухын көтеріп, болашақта елін, жерін сүюге және қорғауға деген ынтасын оятады.
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_алматы
#Бейсембаев
#Медетбекова
#Шер
#oqu_agartu_ministrligi

#біртұтас_тәрбие#біртұтас_тәрбие_алматы
#Бейсембаев
#Медетбекова
#Шер
#oqu_agartu_ministrligi