Алматы қаласы
Білім басқармасының
"С.Копбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 360 45 45
Есепші бөлімі:
+7(727) 360 45 45
Нашар көрушілер
нұсқасы
2" В" сынып оқушыларының сынып сағатындағы жұмыстары
30
сентябрь
2020
2" В" сынып оқушыларының сынып сағатындағы жұмыстары
Құрметті ардагерлер! Сіздердің бойларыңыздағы өмірге деген шексіз белсенділік, ерік-жігер бүгінгі жастарға үлгі-өнеге болып табылады. Сіздердің көпшілігіңіз өз жастарыңызға қарамастан өскелең ұрпақты тәрбиелеуде белсенділік көрсетіп, еңбек еттіңіздер. Біз сіздердің бай тәжірибелеріңізді жоғары бағалаймыз.  Бүгін ерен еңбектеріңіз бен шыдамдылық пен төзімділіктеріңізге алғыз білдіреміз. Сіздерге баянды бақыт, мәнді өмір, зорденсаулық пен амандық тілейміз, жақындарыңыздың өздеріңізге деген
1-қазан — Қарттар күніне орай, Наурызбай ауданы, "С. Көпбаев атындағы №186ЖББМ"-нің бастауыш сынып оқушылары сынып сағатында белсенді жұмыс атқарды
29
сентябрь
2020
1-қазан — Қарттар күніне орай, Наурызбай ауданы, "С. Көпбаев атындағы
«Қарты бар елдің қазынасы бар» – дейді дана халқымыз. Қарттар бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа өмір жолдары өнеге, еңбек жолдары үлгі боларлық данагөй тұлға, саялы бәйтерек десек қателеспейміз. 1-қазан — Қарттар күніне орай, Наурызбай ауданы, "С. Көпбаев атындағы №186ЖББМ"-нің бастауыш сынып оқушылары сынып сағатында белсенді жұмыс атқарды. Өздерінің қарттарға деген құрметін сурет, тілек түрінде жеткізді.
Қазақ тілі — қазақтың мәдениетімен біте қайнасып жатқан рухани қазына
25
сентябрь
2020
Қазақ тілі — қазақтың мәдениетімен біте қайнасып жатқан рухани қазына
Қазақ тілі — қазақтың мәдениетімен біте қайнасып жатқан рухани қазына. Тіл халық тарихы, тіл — ұлттық қазына. Өйткені, өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Наурызбай ауданы, "С. Көпбаев атындағы №186 ЖББМ"- нің 6 "А" сынып оқушылары өз
22 қыркүйек - Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесімен құттықтаймыз!
22
сентябрь
2020
22 қыркүйек - Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер
Наурызбай ауданы,"С.Көпбаев атындағы 186 ЖББМ" КММ 22 қыркүйек - Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесімен құттықтаймыз! 21 қыркүйек "Ана тілім - болашағым, ертеңім" атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігінің ашылуы. "Қазақ тілі сұлулығымен бой балқытып, тамыр шымырлататын, жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышыңды қандыратын, қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей медет беріп, адам түгіл жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып кемел тіл",- деп батыр бабамыз
"Бес асық" спорт түрінен 5-6 сыныптар арасында өткен жарыста II-орын
21
сентябрь
2020
"Бес асық" спорт түрінен 5-6 сыныптар арасында өткен жарыста II-орын
С. Көпбаев атындағы №186 ЖББМ оқушылары Алматы қаласы Білім бөлімі мен қалалық Дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен өткен Ұлттық мектеп лигасының қалалық іріктеу кезеңінде "Бес асық" спорт түрінен 5-6 сыныптар арасында өткен жарыста II-орынға ие болды. Жарысқа қатысқан оқушыларымыз Қайратқызы М., Мұсабекова І., Ильяхын Т. жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларың көп болсын! Жетекшісі: Сисенова Ж.Ж.
Құттықтаймыз!!!
21
сентябрь
2020
Құттықтаймыз!!!
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №186 С.Көпбаев атындағы ЖББМ-нің ұстазы Даукеновна Гульмира Асылова, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін, білім министрі А. Аймағамбетовтың атынан алғыс хатпен марапатталды!
Құттықтаймыз!!!
18
сентябрь
2020
Құттықтаймыз!!!
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, "С. Көпбаев атындағы №186 ЖББМ"-нің үлгілі ұстазы, бастауыш сынып мұғалімі Ахтаева Жанна Белгибековна," Жыл мұғалімі-2020" байқауының аудандық кезеңіне белсене қатысқаны үшін марапатталды.