10
ноябрь
2022
ДЕТСТВО БЕЗ ЖЕСТОКОСТИ И НАСИЛИЯ
ДЕТСТВО БЕЗ ЖЕСТОКОСТИ И НАСИЛИЯ
ДЕТСТВО БЕЗ ЖЕСТОКОСТИ И НАСИЛИЯВ период с 8 по 20 ноября 2022 года в Казахстане проходит ежегодная Республиканская информационная кампания «Детство без жестокости и насилия».
Дети - самая беззащитная категория гражданского общества, которая требует особой защиты и ликвидации всех форм жестокого обращения по отношению к ним.
В отношении детей выделяются следующие виды насилия:
- пренебрежение основными интересами и нуждами ребенка;
- физическое насилие;
- психологическое (эмоциональное) насилие;
- сексуальное насилие и растление.
Чрезвычайно важно осознание того, что жестокое обращение и насилие должно рассматриваться не как частное дело семьи, а как явление социальное, требующее внимания государства и всего общества.
Если маленький ребенок остался без присмотра, ему угрожает опасность, если в отношении ребенка или женщины может применяться жестокое обращение, насилие, нарушаются их права, казахстанцев просят, не сомневаясь, звонить на номер 111.
С момента своего появления на свет ребенок является существом социальным. Его поведение направлено на установление связей с окружающим миром, что обеспечивает ему оптимальные условия для роста и развития. Поэтому любое нарушение взаимодействия ребенка с миром, жестокое обращение с ним приводит к нарушению социального, интеллектуального и эмоционального его развития. Ребенок чувствует себя покинутым, оставленным, отстраненным от окружающих и у него появляется недоверие к миру. Душевные раны, полученные в детстве, остаются на всю оставшуюся жизнь.
Согласно статистике 20% девочек и 40% мальчиков, растущих в семьях в обстановке насилия, будут впоследствии сами жестоко обращаться со своими детьми. Дети, выросшие в семьях, в которых отец избивал мать, хотя и не подвергавшиеся непосредственно насилию сами, в будущем воспроизводят такое поведение в собственной семье. Почти все они, становясь взрослыми, считают насилие в семье не преступлением, а приемлемым способом решения семейных конфликтов.
Бақытты бала- бақытты отбасы- бақыты ел. Балалардың барлығы бірдей, әрі тең. Олар ата-аналарынан мейірімділікті, сонымен бірге қатыгездікті де су сорғыштай сорып алады. Қоғам үшін ең бастысы - тәуелсіздік, ал адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Адамның және адамзаттық бас бостандықтары мен құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау - конституциялық заңдылықтың басты талабы. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол. Отбасында ата-ананың мінезі баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны. Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады. Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және оған бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады. Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін. Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылыққа тартылатынын да білеміз.
-Физикалық зорлық-зомбылық
Қасақана денсаулыққа зиян келтіру, денені ауырту, бас бостандығынан, үй, тамақ, киім кешектен жіне басқа қалыпты өмір жағдайынан айыру, сондай – ақ баланың денсаулығына өміріне қамқорлық жасамау
-Психологиялық, эмоционалдық зорлық- зомбылық қорлау, бопсалау, балаларға немесе басқа адамдарға қатысты бақылау орнату, меншік заттарын қирату арқылы қорқытып, үркіту, қарым - қатынас шеңберін бақылау. Психологиялық зорлық зомбылық ең көп тараған түрінде, бұл көптеген отбасында болады. Психологиялық зорлық зомбылықтың нәтижесінде созылмалы аурудың асқынуы, тұрақты қорқыныш сезімі, өз - өзіне қол жұмсау әрекеттері болуы мүмкін. Қазіргі мамандардың пікірінше , үйдегі псизхологиялық зорлық-зомбылық уайымы көшедегі бұзақының шабуылынан әлдеқайда күрделі болады.
-Экономикалық зорлық – зомбылық
бала шағасынан бас тарту, ата-ананың табысын жасырушылығы, отбасы табысын дербес жұмсау, қаражатты жұмсауда дербес шешім қабылдау, балаға керек заттарын ескермеу, осынығ салдарынан ол өзінің қажеттіліктерін ала алмауы,
-Балаға ауырған кезде медициналық көмектің жеткіліксіздігі;
-Балаға сүйіспеншіліктің азық- түліктің, дене және психологиялық қауіпсіздігінің жеткіліксіздігі;
- Отбасылық қақтығыстың балаға эмоционалды әсері;
- Аса ауыр, әлі келмейтін жұмысқа тарту;
-Ата-аналардың маскүнемдігі, есірткі пайдалануы;
Зорлық зомбылық қалай көрінеді :
1. Қорқыту және үрей туғызу, Айқаймен, мимикамен үрей туғызу, милициямен, арнайы мектеппен, құдаймен қорқыту,
2. Оқшаулау - кіммен сөйлесетінін, кіммен кездесетінін түрақты, қатаң бақылау, көпшілік орындарға жібермеу, тума-туыс, жолдастарымен араластырмау.
3. Физикалық зорлық- зомбылық, шымшу, соғып қалу, шаштан тарту
4. Эмоционалдық зорлық зомбылық ол тек қорқыту, үрей туғызу емес, сонымен қатар қадір-қасиетін, сезімдерін кемсіту, сөзбен қорлау, қаттылық, баласына ең нашар бала екендігін айтып отыру;
Зорлық зомбылықтың сыртқы себептері;
-Қоғамда маскүнемдік пен нашақорлықты тарату;
-мораль дағдысы;
-Мәдениет дағдысы;
-Баспасөзден, теледидардан көрсетілетін террористік актлер көріністері, зорлық- зомбылықтар,
Егерде бала ата – анасының айтқанын тыңдамай теріс қылықтар көрсетсе, ата – анасы баламен тіл табыса алмай көбінесе тәрбиенің қате және жеңіл түрі зорлық көрсетуге жүгінеді. «Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей домқабырғасында зорлық көріп өскен балалар болашақта өз жанұяларында да соны істейді. Бұл тіпті отбасылық дәстүрге де айналып кетуі мүмкін. Яғни өз кезегінде тұқымқуалаушылық ауруға жалғасады.
Баланың отбасында дұрыс, жақсы, өнегелі тәрбие алуы ата-анаға байланысты екенін талдадық, соның ішінде кейінгі өзге ортадағы бала тәрбиесінің негізі - мұғалім мен ата-ананың көмегі, қадағалауы, уақыт бөлуі мен өзара тығыз қарым – қатынастың болуымен негізделеді.