27
ноябрь
2023
Қазақстан тарихы пәнінен қосымша сабақтар.
Қазақстан тарихы пәнінен қосымша сабақтар. Қосымша сабақтарды ұйымдастыру жұмысы бүкіл оқу үдерісінің құрамды бөлігі, сабақтағы жұмыстардың табиғи жалғасы болып табылады. Қосымша сабақтартардың негізгі міндеттері: оқушылардың практикалық дағдылары мен біліктерін кеңейте және тереңдете түсу, логикалық ойлауды, тапқырлықты дамыту, қабілетті және дарынды балаларды көрсетіп, олардың ой-өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу, табандылыққа, еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұйымшылдық пен ұжымшылдыққа тәрбиелеу. Қосымша сабақтартар оқушылардың өз еріктерімен қатысуына мүмкіндік береді.