Коммунальное
государственное учреждение
"С.Копбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп"
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 360 45 45
Бухгалтерия
+7(727) 360 45 45
Версия для
слабовидящих
19
январь
2024

“Жігіттер сұлтаны-2023” байқауының аудандық кезеңі өтті

Коммунальное Наурызбай аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №174 мектеп-гимназияда 9-11 сынып оқушылар арасында “Жігіттер сұлтаны-2023” байқауының аудандық кезеңі өтті.
Мақсаты:Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау, жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу, жігіттерді сегіз қырлы, бір сырлы болуға, яғни, жан-жақтылыққа баулу. Ұлттық нақышта ұйымдастырылған іс-шараның жоғары дайындықпен, жан-жақты ізденіспен, үлкен жауапкершілікпен жасалынғаны байқалып тұрды.
Байқауға қазылық еткен қазылар алқасының құрамында Наурызбай аудандық білім бөлімінің бастығы Кусаинова Салтанат Амангельдиновна, Наурызбай аудандық білім бөлімінің әдіскері Бралина Назия Ғалымқызы,Ардагер ұстаз Шай кенова Ляззат Шаймуратовна, Республикалық «БІЛІМ АЙНАСЫ» жобаларының негізін қалаушы, журналист Қуантай Амантайұлы,
ҚР Суретшілер одағының мүшесі”Бабалар аманаты” Халықаралық көркем еңбек пән мұғалімдері жобасының жетекшісі Кодеков Қанағат Қалиұлы болды.
Байқау 5 кезең бойынша жоғары деңгейде өткізілді.Қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп, сонымен қатар Калашников автоматын жартылай бөлшектеу және құрастыру бойынша бақ сынады. Байқауға қатысушы жігіттеріміз ақыл-ой тереңдігін, ой-ұшқырлығын сарапқа салу мақсатында қазақ халқының салт-дәстүрлері, этнография, мәдениет, тіл мен тарихқа байланысты сұрақтарға да жауап берді.
“Жігіттер сұлтаны-2023” байқауының аудандық кезеңіне С.Көпбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектептің 10 «А» сынып оқушысы Әмілбек Ернур Ерланұлы қатысып, ІІІ орын иегері атанды.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: