11 сынып оқушылары!
Мұқағали тілге шебер ақын. Оның өлеңдерінің тілі жеңіл, көңілге қонымды, әрі қарапайым. Мұқағали қолдаған сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналары, қызметтері бір-бірімен жымдасып, біртұтас күйге енеді. Мүмкін сондықтан болар, ақынның өлеңдері өздерінің көркемділігімен, бейнелілігімен, мағына дәлдігімен және эстетикалық жағынан әсерлілігімен ерекшеленіп тұрады.