Коммунальное
государственное учреждение
"С.Копбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп"
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 360 45 45
Бухгалтерия
+7(727) 360 45 45
Версия для
слабовидящих
21
декабрь
2022

«БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮРЕГІН ЖЫЛЫТАЙЫҚ» қайырымдылық акциясы

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жыл «Балалар жылы» деп жариялады.
Жаңа жыл қарсаңында Коммунальное государственное учреждение Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының «Психологиялық сүйемелдеу» бөлімінің ұйымдастыруымен «Еркеле» қоғамдық қорының ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған «БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮРЕГІН ЖЫЛЫТАЙЫҚ» қайырымдылық акциясы өтті.
Қайырымдылық шарасына 40-қа жуық балалардың барлығына сыйлықтар тарту етілді.
Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Демеушілердің қайырымдылық жасап, ізгі амал көрсетуі бала жанына қуаныш сыйлауға ұмтылдыратын, қоғамды адамгершілікке үндейтін қасиет. «Жақсылық қылсаң-жасыр, Жақсылық көрсең-асыр» - дегендей, қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныта алатын жандардың арамызда әлі де бар екендігі қуантады.
Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Осы игі іске ат салысқан барша қайырымды жандарға алғыс білдіреміз.
Глава государства Касым-Жомарт Токаев объявил 2022 год «Годом детей». Около 40 детей получили призы на благотворительной акции. Помогая тем, кто нуждается в заботе, человек начинает делать шаг навстречу добру. Благотворительность и добрые поступки спонсоров - это особенность, которая стремится радовать душу ребенка и привлекает общество. Доброта - одно из лучших качеств нашего народа. Спасибо всем добрым людям, кто участвовал в этом добром деле.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: