Municipal public
public institution
"С.Копбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп"
Education Department of Almaty
Reception room :
+7(727) 360 45 45
bookkeeping:
+7(727) 360 45 45
eOtinish.kz
Version for
visually impaired
09
февраль
2024

«Дариға-жүрек» атты әдеби-сазды кеш өткізілді

Ақпан айының 9 жұлдызында қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың 93 жылдық мерейлі мерекесіне арналған «Дариға-жүрек» атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Кеш барысында  оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрініс арқылы әсерлі түрде жеткізді. Ақын өлеңдеріне жазылған әндерден шашу шашып, “Бақыт” әніне бастауыш сынып оқушылары хор орындады. Орыс тілді сыныптар да белсене қатысты. Кеш соңында мектеп директоры Г.Б.Раева қорытынды сөз сөйлеп, шәкірттерімізге өзінің ізгі тілегін білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: