Алматы қаласы
Білім басқармасының
"С.Копбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 360 45 45
Есепші бөлімі:
+7(727) 360 45 45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында су тасқынына қарсы жаттығу өткізілді.
07
апрель
2023

Төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында су тасқынына қарсы жаттығу өткізілді.

С.Көпбаев атындағы №186 ЖББМ 2023 жылдың 7 сәуір күні сағат 10:20-да төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында су тасқынына қарсы жаттығу өткізілді. Мақсаты: су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік, балаларды дайындау, төтенше жағдай мен бетпе-бет кездескенде олардың қауіпсіздік мәдениетін жоғарылату. Мектепшілік жаттығуға мектеп әкімшілігі мен мектеп мұғалімдері жұмылдырылды. Сельге қарсы жаттығуларды бастамас бұрын дабыл чемоданы дайындалды. Оқушыларды қауіпсіз жерге эвокуациалау бағыты айқындалды. Апатты жағдайда қағылатын дабылды естіген мектеп оқушылары жаппай сыртқа ұмтылды. Сельге қарсы жаттығу барысында оқушылар 3-5 минут аралығында қауіпсіз жерге шығарылды. Сыртқа шыққандар топ болып тұра қалып, сыныптастарын түгелдей бастады. Қолдарына жасыл түсті қағазды ұстағандар өздерінің түгел екенін хабар беріп тұрды. Бұл тәсіл апатты жағдайда ақпарат берудің ең оңтайлы тәсілі. Су тасқыны кезіндегі жаттығу барысында 1-11 сынып, 1149 оқушы түгел қауіпсіз алаңға шығарылды. Мектеп алаңына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Конратбаев.А және пән мұғалімдері өз сыныптары бойынша оқушылардың толық шыққандығын баяндады. Мектем медбикесі Толыбаева Г. алғашқы көмек көрсетуге дайын болды, және мектеп спортзалында зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету пункті құрылды. Пункт мүшелері өз жұмыстарына дайын болды. Өткізген: алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Жұмағұлов Н
7-го апреля 2023года в 10:20 в целях предотвращения чрезвычайных ситуаций в общеобразвательной школе № 186 им. С.Копбаева была проведена селетренировка. Цель заключается в отработке действий учащихся при возможных потопах, действий по эвакуации людей, оказание помощи пострадавшим, ликвидация последствий потопов, повысить подготовку безопасности в условиях чрезвычайной ситуации.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: