Алматы қаласы
Білім басқармасының
"С.Копбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 360 45 45
Есепші бөлімі:
+7(727) 360 45 45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
ноябрь
2023

«ALQA» деп аталатын мектеп газетінің тұсаукесері өтті.

Алматы қаласы Наурызбай ауданы N186 жалпы білім беретін мектепте «ALQA» деп аталатын мектеп газетінің тұсаукесері өтті.

Тұсаукесерге Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты. «Сары гүл», «Жүректегі ағыстар», «Көңіл көктемі» атты жыр кітаптарының авторы,ақын_Саят Қамшыгер, А.Байтұрсынұлы музей үйінің бөлім меңгерушісі, бірнеше жыр мүшәйраларының жүлдегері, ахметтанушы, ақын, "Әділет" жыр жинағының авторы _ Әділет Ахметұлы қатысты.

“Алқа” атты әдебиетшілер ұйымын алғаш Алаштың алып ақыны Мағжан Жұмабай 1926 жылы құрған еді. Қазақта әдебиет жоқ деген Кеңестік улы ұғымға тойтарыс беріп, әдебиет жанкүйерлерін ұйыстыруды мақсат еткен ұлы бастама ел еркіндігі кісі қолында тұрған сол заманда қыршынынан қиылған еді. Мағжан сол “Алқасы” үшін “айыпты” болған. Ұлттың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы да Мағжанмен “Алқадағы” байланысы үшін сұраққа тартылған. Арада бір ғасыр өткен соң Мағжанның арманы тәуелсіз Қазақ елінің бір мектебінде ұшқынын лаулатып, үлкен арман арқалап келгені көпшіліктің көңіліне қуаныш отын жақты.
Кездесу кеші өте қызықты әрі мағыналы өтті. Қонақтар берері мол кездесудің бедері ретінде қалған газетке ақ жол тілеп, жаһандану заманында оқушылардың бойына қағази (кітаби) құндылықтардың да қадірі артып келе жатқанын атап өтті.
Мектеп директоры Гулжазира Бекенқызы арнайы уақыт бөліп келген келген қонақтардың тағылымды әңгімесі мен «ALQA» газетінің жас тілшілеріне көрсеткен қолдауы үшін рақмет айтты.
Ақын Саят Қамшыгер “ALQA”-дан таңдалып шыққан шығармаларға Республикалық «Мөлдір бұлақ» журналына жариялап тұратынын айтып қуантты. Ал, Әділет Ахметұлы “АLQA-ның” алғашқы санын Мағжаннан жеткен рухтың ұшқынындай болған мұра ретінде Ахмет Байтұрсынұлы Музей-үйінің кітап қорына алатынымызды айтып қуанытты.

Общеобразовательной школе №186 Наурызбайского района города Алматы прошла презентация школьной газеты «ALQA».
















Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: