Алматы қаласы
Білім басқармасының
"С.Копбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 360 45 45
Есепші бөлімі:
+7(727) 360 45 45
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
апрель
2023

«Lesson Study рефлексивті тәжірибеден тұрақты көшбасшылыққа»

   Мектеп директоры Раева Г.Б, директордың әдістемелік істер жөніндегі орынбасары Баймусаева Э.Т, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұұғалімі Алишева Ж.Р. сәуір айының 27-28 күндері Астана қаласында өткен «Lesson Study рефлексивті тәжірибеден тұрақты көшбасшылыққа» тақырыбында өткен ұлттық конференцияға қатысты. Бағдарлама бойынша конференцияның алғашқы күнінде пленарлық отырыста Жапония,Малайзия,Шотландия ,Ұлыбритания елдерінен келген құрметті қонақтардың іс-тәжірибелерін тыңдап,көптеген құнды мәліметтерге қанықты. Сондай-ақ, постерлер байқауына қатысып, «Сабақты зерттеу: қоғамдастық және тиімді кәсіби даму» тақырыбында мектептегі зерттеу топтарының Lesson Study бойынша жүргізген жұмыстарымен бөлісті. Постер жұмысы сарапшылар тарапынан жоғары бағаға ие болды. 
Конференцияның келесі күні Астана қаласындағы №67 мектепте болып,әріптестердің зерттеу сабақтарына қатысып,ой бөлісті,мектеп өмірімен танысты. Конференциядан өте құнды идеялар мен тәжірибе алмасып қайтты. Конференцияға қатысушылар НЗМ   алғыс хаттары және сертификаттарымен марапатталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: