Алматы қаласы
Білім басқармасының
"С.Копбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 360 45 45
Есепші бөлімі:
+7(727) 360 45 45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Lesson Study : қоғамдастық және тиімді кәсіби даму» тақырыбында аудан мектептері мұғалімдерінің қатысуымен семинар
25
май
2023

«Lesson Study : қоғамдастық және тиімді кәсіби даму» тақырыбында аудан мектептері мұғалімдерінің қатысуымен семинар

25.05.2023 жылы Алматы қаласы «С.Көпбаев атындағы №186 ЖББМ» КММ ұйымдастыруымен «Lesson Study : қоғамдастық және тиімді кәсіби даму» тақырыбында аудан мектептері мұғалімдерінің қатысуымен семинар өткізілді. Семинарға Наурызбай ауданы мектептері бойынша 21 мұғалім қатысты. 
Мақсаты: 
1.Жетекші мектеп ретінде аудан мектептерімен жағымды және іскерлік қарым-қатынас орнату.
2.Іс тәжірибемен бөлісу, жаңа идеялар алмасу.
 Семинардың басында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Баймусаева Э.Т. кіріспе сөз сөйлеп, мектепте жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы туралы таныстырып өтті.
 Бұдан соң семинардың күн тәртібіне сәйкес зерттеу тобының жетекшілері Джазыкова Г.Р, Алишева Ж.Р, Ахтаева Ж.Б,  Ембергенова А,С «Lesson Study-мұғалімнің кәсіби өрлеу жолы» тақырыбында коучинг өткізді. Коучинг барысында семинар қонақтары сабақты зерттеудің маңызы мен ерекшеліктері туралы түрлі тренингтер мен әдістер арқылы пікір алмасты.
 Сондай-ақ, семинарға қатысушылар химия (пән мұғалімі Дүйсенова Д.Ж) ,
ағылшын тілі (пән мұғалімі Нұралыева А ) пәндерінің зерттеу сабақтарына қатысып, топ жетекшілері  Жақаева Г.Т, Жунусова Б.А және топ мүшелерінің сабақты талдау жұмыстарына куә болды.
 Семинар қонақтарына мектеп директоры Раева Г.Б. өз алғысын білдіріп қорытынды сөз сөйледі.
 Семинар туралы кері байланыста, ашық диалогке қатысып, шынайы пікірлерін білдірді және мектеп әкімшілігі мен ұжымына өз алғыстарын білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: