Алматы қаласы, Наурызбай ауданы С.Көпбаев атындағы №186 жалпы білім
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы С.Көпбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектепте 10-сынып оқушыларына күзгі демалыс кезеңінде өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Наурызбай аудандық полиция басқармасының ҚҚБ ЮПБ УПИ полиция капитаны Қаби Абылай Ғалымұлы оқушыларға қоғамдық тәртіпті сақтау, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі және қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы түсіндіру лекциясын өткізді.