Алматы қаласы
Білім басқармасының
"С.Копбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 360 45 45
Есепші бөлімі:
+7(727) 360 45 45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
август
2025

Хабарландыр! Бос жұмыс орны !

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
 
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы «С.Көпбаев атындағы №186 ЖББМ» КММ бос жұмыс орындарына байқау өтетіндігі туралы хабарлайды.
 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымға тағайындау, қызметтен босату қағидаларының 3-тарауына сәйкес, Алматы қаласы Білім басқармасының  «С.Көпбаев атындағы №186 ЖББМ»  КММ 2025 жылғы 1 тамыздан 29 тамызға дейін мына лауазымдар бойынша бос орындарға конкурс өткізеді:
- Математика пәні мұғалімі (орыс сыныптарына) – 3 бос орын;
- Оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптарға арналған бастауыш сынып мұғалімі – 4 бос орын;
- Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі (орыс сыныптарына) – 1 бос орын;
- Оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптарға арналған орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – 1 бос орын;
- Физика пәні мұғалімі (орыс сыныптарына) – 1 бос орын;
- Химия пәні мұғалімі (орыс сыныптарына) – 1 бос орын;
- Тарих пәні мұғалімі (орыс сыныптарына) – 1 бос орын;
- Көркем еңбек пәні мұғалімі (орыс сыныптарына) – 1 бос орын;
- Дефектолог – 1 бос орын
- Логопед – 1 бос орын;
Қағидалардың 113-тармағы негізінде
Бос лауазымдарға тағайындау конкурсына қатысуға ниет білдірген адам 2025 жылғы 11 тамыздан 18 тамызға дейін келесі құжаттарды жолдайды:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
      4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
      7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
      8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
      11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
      12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
​Құжаттарды жолдау қажет:
электронды түрде мына электронды мекен-жайға: mektep186_
қағаз түрінде мына мекен-жайға: Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Ақжар ықшам ауданы, Зиманова 70, «С.Көпбаев атындағы №186 ЖББМ» КММ, жұмыс күндері сағат 9:00-ден 17:00 ге дейін (түскі үзіліс 13:00-14:00), «қабылдау бөлмесі»
Конкурсқа құжат қабылдау 2025 жылғы 11 тамыздан басталып
18 тамызда аяқталады. Конкурс 19 тамыз күні сағат 10:00 де өткізіледі.
 
​Конкурс қорытындысы мектеп сайтында жарияланатын болады http://186.alschool.kz/
Байланыс телефоны: 8-727 360-45-45

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: