21
январь
2025
2024–2025 оқу жылында «С.Көпбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де мектепішілік есепте тұрған оқушылармен «Мектептегі мінез-құлық этикасы» тақырыбында түсіндірме жұмыстары өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға мектепте өзін-өзі ұс
2024–2025 оқу жылында «С.Көпбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де мектепішілік есепте тұрған оқушылармен «Мектептегі мінез-құлық этикасы» тақырыбында түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға мектепте өзін-өзі ұстау мәдениетін еске салу, адамгершілік нормаларын, мінез-құлық және әдеп ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру. Сабаққа оқушылардың ата-аналары да қатысып, бала тәрбиесіндегі мектеп пен отбасы серіктестігін нығайтуға ықпал етті.