Алматы қаласы
Білім басқармасының
"С.Копбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 360 45 45
Есепші бөлімі:
+7(727) 360 45 45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «С.Көпбаев атындағы №186 ЖББМ» КММ Өзін-өзі бағалау жөніндегі қорытынды есебі 2024-2025 оқу жылы
22
май
2025

«С.Көпбаев атындағы №186 ЖББМ» КММ Өзін-өзі бағалау жөніндегі қорытынды есебі 2024-2025 оқу жылы

186-zhbbm-2024-2025-ou-zhyly-zn-z-baalau-eseb-1_compressed.pdf [7,11 Mb] (cкачиваний: 3)
Посмотреть онлайн файл: 186-zhbbm-2024-2025-ou-zhyly-zn-z-baalau-eseb-1_compressed.pdf
Өзін-өзі бағалау жөніндегі есебі


Алматы, 2025 жыл
«С.Көпбаев атындағы №186 ЖББМ» КММ
Өзін-өзі бағалау жөніндегі қорытынды есебі
2024-2025 оқу жылы

«19» мамыр 2025 жыл


Алматы қаласы Білім басқармасының «С.Көпбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп» КММ өзін-өзі бағалауы бойынша комиссия құру туралы» бұйрық шығарды. Мектептің өзін-өзі бағалауы бойынша төмендегі құрамда комиссия бекітілді

№Аты-жөніЛауазымыКомиссия
1Раева Г.Б.Мектеп директорыТөрайымы
2Сыздикбаева Акилима КенжебаевнаДиректордың оқу ісі жөніндегі орынбасарыКомиссия мүшесі
3Раймбекова Дарига СериковнаДиректордың оқу ісі жөніндегі орынбасарыКомиссия мүшесі
4Баймусаева Эльмира ТоктаровнаДиректордың оқу ісі жөніндегі орынбасарыКомиссия мүшесі
5Конратбаев Асет ЖексенбековичДиректордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарыКомиссия мүшесі
6Шымырова Акерке АманжолқызыДиректордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарыКомиссия мүшесі
7Келгенбаев Мейрамбек АскербековичДиректордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасарыКомиссия мүшесі
8Ахтаева Жансая БелгибековнаБастауыш сынып ӘБ жетекшісіКомиссия мүшесі


Ақпараттық анықтама

Атауы: «С.Көпбаев атындағы №186 ЖББМ» КММ
Заңды мекен-жайы: 040906, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Ақжар ықшамауданы, С.Зиманов көшесі, 70
Байланыс телефондары: 360-45-45, 360-45-74, факс: 360-45-45.
Электронды почта: mektep186_
Мектеп инстаграммы: https://www.instagram.com/186_mektep?igsh=N3BwdGIzeW1nZXB5&utm_source=qr
Мектеп фейсбугы: https://www.facebook.com/profile.php?id=100091621867329&mibextid=LQQJ4d
Мектеп сайты: http://186.alschool.kz/
Жобаланған сыйымдылығы: 1113 оқушы
Мектептің оқыту тілі - қазақ және орыс тілдерінде.

Мектептің құрылымы

Мектептің оқу – тәрбие жұмысының келелі мәселесі:
Мектептің келелі мәселесі:Білім беру сапасын функционалдық сауаттылықты дамытуды қамтамасыз ету факторы ретінде басқару.
Мақсаты: Педагогтің кәсіби тұлғалық құзыреттілігін анықтай отырып, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау.
Міндеттері:
1.Оқу үдерісінің барлық қатысушыларының заңды құқықтары мен қызығушылықтарын барынша толығымен жүзеге асыратын ашық білім беру ортасын ашу.
2. Әр мұғалімнің жұмысы туралы ақпараттық банк құру (есепке алу,сараптау,талдау,бағалау)
3.Білім алушылардың функционалды сауаттылығының барлық түрлерін арттыруда барынша жоғары нәтиже беретін жаңартылған білім беру мазмұны бойынша пәндерді оқытудың тиімді жолдарын анықтау және жинақтау.
4.Білім беру үдерісіне мектеп әлеуметі өкілдерін жұмылдыра отырып, бақылаудың жаңашыл, заманауи түрлерін енгізу.
5.Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг жүргізу жүйесін дамыту.
Күтілетін нәтиже:
Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматы және шығармашыл тұрғыда ойлауға, шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілетті, өмір бойы білім алуға дайын тұлға қалыптасады.
Мектеп мына режимде жұмыс істеді:
мектепалды даярлық, 1–4 және 5–11 жалпы білім беретін сыныптар – 5- күндік жұмыс аптасы;
Сабақтың басталуы:
1 ауысым – 08:00 бастап;
2 ауысым – 14:00 бастап.
Сабақтың ұзақтығы – 45 минут.
Апталық сабақ режимі мектеп директоры бекіткен сабақ кестесімен анықталады.
Оқу жылының ұзақтығы мектепалды сыныптарда – 33 апта, 1 сыныпта – 33 апта, 2–11- сыныптарда – 34 апта.
Оқушылар контингенті
2024-2025 оқу жылының басында мектепте 1479 оқушы оқыды. Оқу жылының соңында оқушылар саны – 1597, оның ішінде
1–4 сыныптар – 653 оқушы;
5–9 сыныптар – 803 оқушы;
10–11 сыныптар 141 оқушы;
үйде оқитын - 7 оқушы;
ЕБҚ бар - 23 оқушы.
Түлектер саны – 57
Алтын белгі – 0
Үздіктер саны – 8
2024/2025 оқу жылында сынып жиынтықтарының саны – 57.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: