Алматы қаласы
Білім басқармасының
"С.Копбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 360 45 45
Есепші бөлімі:
+7(727) 360 45 45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8-сынып оқушылары Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйіне барды
01
декабрь
2023

8-сынып оқушылары Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйіне барды

2023 жылдың қараша айында 8-сынып оқушылары Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйіне барды. Мұражайда оқушылар алаш арысының жеке заттарын тамашалап, Ахмет Байтұрсынұлының өмірінен сыр шертетін құжаттармен танысты.
ХХ ғасырдың ұлы реформаторы, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ ұлттық ғылымының негізін салушы, ақын-аудармашы, түркітанушы, лингвист-ғалым Ахмет Байтұрсынұлының Алматы қаласындағы мұражай-үйі 1993 жылы ұйымдастырылды.
А.Байтұрсынұлының шығармашылығына қатысты 2000-ға жуық ғылыми мақала, 50 монография, халықаралық ғылыми конференция материалдары, республикалық ғылыми конференция материалдары жарық көрді. Бұл жинақтардың барлығы мұражай қорының асыл қазыналары. Музей жанынан 1000 жуық кітап, 500-дей әдеби журналдар, 500-дей түрлі конференция материалдары және апталық газет тігінділері қамтылған кітапхана жұмыс істейді.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: