22
май
2024
«Pisa халықаралық білім сапасын бағалау тапсырмаларын орындаудағы командалық жұмыстың маңызы» тақырыбында қалалық семинар
Алматы қаласы , Наурызбай ауданы «С.Көпбаев атындағы №186 ЖББМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 22 мамырында «Pisa халықаралық білім сапасын бағалау тапсырмаларын орындаудағы командалық жұмыстың маңызы» тақырыбында қалалық семинар болып өтті.Семинарға Алматы қаласы мектептерінің мұғалімдері қатысты.
Семинардың мақсаты: Оқу үдерісінде тиімді әдіс-тәсілдер мен педагогикалық технологияларды қолдану арқылы педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Семинар барысында биология, химия, география, математика, физика, информатика пәні мұғалімдері PISA форматындағы тапсырмаларды әр түрлі қосымшалар арқылы шешуде өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында жүргізген кері байланыстан ерекше әсер ала отырып, өткізілген жұмыстарды жоғары бағалап, шынайы пікірлері мен алғыстарын білдірді. Келешек ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуы жолында өз іс-тәжірибемізбен бөлісуге қашан да әзірміз.