13
сентябрь
2021
«Директорлық сенбі-ата-ана үні» онлайн-кездесуі 2021-2022 оқу жылының басталуына орай өткізілді
С. Көпбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектебінде пандемия жағдайында балалар мен жасөсіпірімдерді тәрбиелеу мәселелерінде, құқық бұзушылық мінез құлықтың алдын алу, сондай-ақ «мектеп-бала-ата-ана» қарым-қатынасы мен өзара ықпалдасуына қатысты психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша барлық толғандыратын мәселелерде ата-аналарға пәрменді көмек көрсету мақсатында «Директорлық сенбі-ата-ана үні» онлайн-кездесуі 2021-2022 оқу жылының басталуына орай өткізілді. Ата-аналардың толғандырған сұрақтарына мектеп директоры Раева Гулжазира Бекеновна жауап берді. Онлайн кездесу апта сайын сенбі күні ұйымдастырылатынын естеріңізге саламыз.

