Алматы қаласы
Білім басқармасының
"С.Копбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 360 45 45
Есепші бөлімі:
+7(727) 360 45 45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
май
2025

Жалпықалалық сенбілік

2025 жылдың 8 мамыр күні Наурызбай ауданына қарасты №186ЖББМ-де қала көлемінде ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілік өтті. Сенбіліктің мақсаты – мектеп аумағын көгалдандыру, тазарту және оқушыларға табиғатқа деген сүйіспеншілік пен экологиялық мәдениетті дамыту болды.

Іс-шараға мектептің оқушылары белсене қатысты. Олар мектеп ауласын тазалап, ағаштар мен гүлдер отырғызды, жол жиектерін ретке келтіріп, қоқыстарды жинады. Мұндай игі шаралар ұжымдық жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті арттырып қана қоймай, мектеп айналасының көркеюіне өз үлесін қосады.

Сенбілік жоғары деңгейде ұйымдастырылып, барлық қатысушылар белсенділік танытты. Мектеп әкімшілігі мұндай шаралардың тұрақты түрде өткізіліп тұратынын және оқушылардың экологиялық тәрбиеге баулу ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: