Алматы қаласы
Білім басқармасының
"С.Копбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 360 45 45
Есепші бөлімі:
+7(727) 360 45 45
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
апрель
2023

Жалпы қалалық сейсмикалық жаттығу өткізілді.

С.Көпбаев атындағы №186 ЖББМ 2023 жылдың  20 сәуір күні сағат 11:00-де жалпы қалалық сейсмикалық жатығулардың өтуіне байланысты төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында сейсмикалық жаттығу өткізілді. Мақсаты: балаларды дайындау, төтенше жағдай мен бетпе-бет кездескенде олардың қауіпсіздік мәдениетін жоғарылату. Мектепшілік жаттығуға мектеп әкімшілігі мен мектеп мұғалімдері жұмылдырылды. Сейсмикалық жаттығуларды бастамас бұрын дабыл чемоданы дайындалды. Оқушыларды қауіпсіз жерге эвокуациалау бағыты айқындалды. Апатты жағдайда қағылатын дабылды естіген мектеп оқушылары жаппай сыртқа ұмтылды. Басын сөмкемен жауып алған оқушылар шапшаң далаға шықты. Сейсмикалық жаттығу барысында оқушылар 3-5 минут аралығында қауіпсіз жерге шығарылды. Сыртқа шыққандар топ болып тұра қалып, сыныптастарын түгелдей бастады. Қолдарына жасыл жалау ұстағандар өздерінің түгел екенін хабар беріп тұрды. Бұл тәсіл апатты жағдайда ақпарат берудің ең оңтайлы тәсілі. Сейсмикалық жаттығу барысында 5-11 сынып, 620 оқушы түгел қауіпсіз алаңға шығарылды. Мектеп алаңына мектеп әкімшілігі мен  пән мұғалімдері өз сыныптары бойынша оқушылардың толық шыққандығын баяндады. 
20 апреля 2023 года  в 11:00 в целях предотвращения чрезвычайных ситуаций в связи с проведением общегородской сейсмотренировки в общеобразвательной школе № 186 им. С.Копбаева была проведена сейсмотренировка. Цель заключается в отработке действий учащихся при возможных землетрясениях, действий по эвакуации людей, оказание помощи пострадавшим, ликвидация последствий землетрясения, повысить подготовку безопасности в условиях чрезвычайной ситуации.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: