Алматы қаласы
Білім басқармасының
"С.Копбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 360 45 45
Есепші бөлімі:
+7(727) 360 45 45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы қаласы мектеп мұғалімдерімен қалалық семинар өткізілді
02
ноябрь
2023

Алматы қаласы мектеп мұғалімдерімен қалалық семинар өткізілді

02.11.2023 күні мектебімізде Алматы қаласы мектеп мұғалімдерімен қалалық семинар өткізілді. Семинардың тақырыбы: Lesson study технологиясы. Демонстрациялық сабақты бақылау және талдау.
Семинардың мақсаты: мектебіміздегі Lesson study жұмыстарының жүргізілуі бойынша тәжірибе алмасу,атқарылып жатқан жұмыстардың барысы және нәтижелерімен бөлісу.
Семинар басында қонақтармен жүргізілген Ж.Б.Ахтаеваның танысу тренингі көтеріңкі көңіл күймен жұмысты жүргізуге ықпал етті.
Семинардың алғы сөзін мектеп директоры Г.Б.Раева сөйлеп,мектептің жалпы жұмыстарымен, жетістіктерімен таныстырып өтті. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Баймусаева Э.Т. мектептегі Lesson study жұмыстарына тоқталып, бірнеше жылғы нәтижелерімен бөлісті.
«Білім көкжиегі» шығармашылық топтарының жетекшілері Жақаева Г.Т,Алишева Ж.Р,Жунусова Б.А, Ахтаева Ж.Б,Ембергенова А.С, Умарова М.С жүргізуімен «Lesson Study – мұғалімнің кәсіби өрлеу жолы» тақырыбында коучинг өткізіліп, жүргізілген жұмыстарға теориялық және практикалық тұрғыда кеңінен тоқталып өтті.Қатысушылар осы тақырыптағы өздерінің көкейдегі көптеген сауалдарына жауап ала алды. Сондай-ақ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мұратбек Н. өзі жасаған «Білім қамбасы» сайтымен бөлісіп, ондағы құнды мағлұматтармен таныстырып өтті.Бұл ретте де семинарға қатысушы мұғалімдердің қызығушылығы жоғары болды.
Мектептің информатика пәнінің мұғалімдері Сеитказина Г.Н, Урустемов Е.М, Ровшенов С.С, Даукенова Н., Елемес Д. Жаңа жағдайдағы оқыту: «платформалар білім беру кеңістігінде» тақырыбында тренинг жүргізді. Бұл кезеңде пән мұғалімдері сабақта қолданылатын бірнеше тиімді, жаңа платформалар мен әдіс-тәсілдермен бөлісті.
Семинар соңында сауалнама алынып,кері байланыс жүргізілді.Семинар қонақтары мектеп директоры Г.Б.Раеваға, мектеп әкімшілігі мен ұстаздарға алғыстарын айтып,барлық жүргізілген жұмыстарға өте жоғары баға берді.
02.11.2023 в нашей школе прошел городской семинар с учителями школ г. Алматы. Тема семинара: Технологии Lesson study. Наблюдение и анализ демонстрационного урока.
Цель семинара: обмен опытом проведения уроков в нашей школе, обмен ходом и результатами проводимой работы.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: