Алматы қаласы
Білім басқармасының
"С.Копбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 360 45 45
Есепші бөлімі:
+7(727) 360 45 45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылында С.Көпбаев атындағы №186 мектебінде оқу-тәрбие және ғылыми шығармашылық бағыттарда көптеген жұмыстар атқарылды
25
декабрь
2023

2022-2023 оқу жылында С.Көпбаев атындағы №186 мектебінде оқу-тәрбие және ғылыми шығармашылық бағыттарда көптеген жұмыстар атқарылды

2022-2023 оқу жылында С.Көпбаев атындағы №186 мектебінде оқу-тәрбие және ғылыми шығармашылық бағыттарда көптеген жұмыстар атқарылды 
✅ 28.09.2023 жылы ақын, драматург, аудармашы, сазгер, «Платина Тарланы» тәуелсіз сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері Исраил САПАРБАЙМЕН кездесу кеші өтті. 
✅27.09.2023 жылы «Ұрпақтар сабақтастығы» атты  кездесу кеші ұйымдастырылды. 
✅ 8 "Г" сынып оқушысы Нагай Кирилл “Worldcup games in Seoul” жасөспірімдер арасында әлемдік ойын таэквондодан 3 орынды иеленді.
✅ “Асқарым бар өте биік «Әке» деген...” тақырыбында әкелермен тренинг -семинар өтті. Өздерінің ой - пікірлерімен бөліскен қазақтың біртуар ұлдары: ақын, философ, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, “ҚР Ұлттық кітапханасы жанындағы “ Жас қалам” бірлестігінің “Әдебиет әлемі” орталығының жетекшісі, “ Тұлға - достық” қоғамдық қорының директоры Мұратхан Шоқан мен жас ғалым, ақын, А.Байтұрсынов мұражай үйінің меңгерушісі, “Әділет” жыр жинағының авторы Әділет Ахметұлына алғыс білдірді.
✅ 02.11.2023 күні мектебімізде Алматы қаласы мектеп мұғалімдерімен қалалық семинар өткізілді. Семинардың тақырыбы: Lesson study технологиясы. Демонстрациялық сабақты бақылау және талдау.
✅ Алматы қаласы Наурызбай ауданы  N186 жалпы білім беретін мектепте «ALQA» деп аталатын мектеп газетінің тұсаукесері өтті. 
✅ Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында өткізілген «Бабалар аманаты» байқауының аудандық кезеңінде «Шешендік өнер сайысы» бағыты бойынша Назарбекова Мейрамкуль Мухташовна Іl орын; «Бір шығарма ізімен» бағыты бойынша Жидебаева Аяулым Сериккалиевна ІІl орынмен марапатталды.
✅ Желтоқсан айының 8-жұлдызы күні  Наурызбай ауданы бойынша “Clil кіріктірілген пәндер фестивалі” өтті. Жунусова Б., Серік Қ., Конашев Н.Е., Даукенова Н С қатысып, бірлесе атқарған жұмыс нәтижесінде жүлделі 3-орынға ие болды.
✅ Ұлттық мектеп лигасының аудандық іріктеу кезеңінде "Бес асық " спорт түрінен 5-10 сынып  арасында 1- орынға №186 жалпы білім беретін мектеп оқушылары ие болды. 
✅ Республикалық "Педагогикалық идеялар фестивальі" конкурсының қалалық кезеңіне қатысып №186 жалпы білім беретін мектеп мұғалімі Ахтаева Жанна Белгибековна І орын иеленді.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: