Алматы қаласы
Білім басқармасының
"С.Копбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 360 45 45
Есепші бөлімі:
+7(727) 360 45 45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жасыл ел» бағдарламасы аясында мектеп ауласын көгалдандыру бойынша акция өтті
15
апрель
2025

Жасыл ел» бағдарламасы аясында мектеп ауласын көгалдандыру бойынша акция өтті

2025 жылғы 15 сәуірде «Жасыл ел» бағдарламасы аясында мектеп ауласын көгалдандыру бойынша акция өтті. Іс-шара Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі экологтарымен бірлесіп ұйымдастырылды. Бұл акцияның негізгі мақсаты – оқушыларға табиғатты аялау, экологиялық тәрбие беру, сондай-ақ қоршаған ортаны көгалдандырудың маңыздылығын түсіндіру болды.

Акцияға 8-9 сынып оқушылары белсенді қатысып, мектеп ауласында қылқан жапырақты ағаштар отырғызды. Эколог мамандар балаларға ағаш отырғызу тәртібін, күтім жасау жолдарын және жасыл желектің қоршаған ортаға тигізетін пайдасын түсіндіріп өтті. Іс-шара өте қызықты әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.

Оқушылар табиғатты қорғау – әр адамның борышы екенін терең түсініп, қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін арттырды. Алдағы уақытта мұндай игі шаралар дәстүрге айналып, тұрақты түрде өткізілетін болады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: