Алматы қаласы
Білім басқармасының
"С.Копбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 360 45 45
Есепші бөлімі:
+7(727) 360 45 45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ерлікке тағзым” — Жеңіс рухын дәріптеген өлең кеші
24
апрель
2025
Ерлікке тағзым” — Жеңіс рухын дәріптеген өлең кеші
Ерлікке тағзым” — Жеңіс рухын дәріптеген өлең кеші 2025 жылғы сәуір айында мектебімізде 3-сынып оқушыларының қатысуымен Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған «Ерлікке тағзым» атты өлең оқу кеші өтті. Шараның мақсаты — жас буынға патриоттық тәрбие беру, соғыс ардагерлерінің ерлігін ұмытпай, құрметтеуге баулу. Кеш барысында оқушылар Отан, бейбітшілік және батырлық жайлы әсерлі өлеңдер оқып, көрермендердің жүрегіне жол тапты. Олардың шынайы сезіммен оқыған жырлары ерлікке деген  
“Ақылымен ажарлы, білімімен бағалы” атты аудандық қыздар арасындағы сайыс
18
апрель
2025
“Ақылымен ажарлы, білімімен бағалы” атты аудандық қыздар арасындағы
“Ақылымен ажарлы, білімімен бағалы” атты аудандық қыздар арасындағы сайыста үздік нәтиже көрсетіп, “Ажарлы қыз” номинациясы мен жүлделі III орын иеленгені үшін мектебіміздің 10 “Ә” сынып оқушысы Қамшыбек Данияны шын жүректен құттықтаймыз! Жетістігің — талпынысыңның жемісі. Алдағы уақытта да биік белестерден көріне бер!  
Бауыржан Момышұлының өмір жолы мен ерлігі туралы фильм
18
апрель
2025
Бауыржан Момышұлының өмір жолы мен ерлігі туралы фильм
18.04.2025ж мектебімізде «Киноtime» өтті.Оқушыларымыз Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай қазақ елінің қаһарманы, аты аңызға айналған батыр — Бауыржан Момышұлының өмір жолы мен ерлігі туралы фильм көріп, терең әсер алды. Бұл шараның мақсаты — жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, тарихты құрметтеуге және батырларымызды мақтан етуге баулу. Бауыржан Момышұлының ерлігі — елге үлгі, жүрекке сенім, болашаққа бағыт! Іс-шараның жауапты мұғалімдері: Темиралиева Г.Б. Нуралыева А.Т.  
Жасыл ел» бағдарламасы аясында мектеп ауласын көгалдандыру бойынша акция өтті
15
апрель
2025
Жасыл ел» бағдарламасы аясында мектеп ауласын көгалдандыру бойынша
2025 жылғы 15 сәуірде «Жасыл ел» бағдарламасы аясында мектеп ауласын көгалдандыру бойынша акция өтті. Іс-шара Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі экологтарымен бірлесіп ұйымдастырылды. Бұл акцияның негізгі мақсаты – оқушыларға табиғатты аялау, экологиялық тәрбие беру, сондай-ақ қоршаған ортаны көгалдандырудың маңыздылығын түсіндіру болды. Акцияға 8-9 сынып оқушылары белсенді қатысып, мектеп ауласында қылқан жапырақты ағаштар отырғызды. Эколог мамандар балаларға ағаш отырғызу тәртібін,
Әркімнің дауысы маңызды
11
апрель
2025
Әркімнің дауысы маңызды
Әркімнің дауысы маңызды!” Бүгін мектебімізде Наурызбай ауданының сайлау өкілдері қонақта болды. Оқушыларға демократиялық қоғамдағы сайлаудың маңызы түсіндіріліп, азаматтық белсенділік туралы ашық сұхбат өтті. Білім – болашақ кепілі, ал белсенді ұрпақ – елдің тірегі!  
Учащиеся 7 класса почтили память героев, павших за свободу и независимость Родины.
11
апрель
2025
Учащиеся 7 класса почтили память героев, павших за свободу и
В преддверии Дня Победы учащиеся 7 класса почтили память героев, павших за свободу и независимость Родины. У мемориала Славы ребята возложили цветы к Вечному огню и почтили память минутой молчания. Такие мероприятия важны для воспитания патриотизма и уважения к истории своей страны. Мы должны помнить подвиг наших предков, которые, проявив мужество, единство и любовь к Родине, подарили нам мирное небо над головой. Подрастающее поколение должно знать имена героев 
“Көктем аруы – 2025” байқауы
09
апрель
2025
“Көктем аруы – 2025” байқауы
Мектебімізде көркемдік пен нәзіктікті, өнер мен сұлулықты ұштастырған “Көктем аруы – 2025” байқауы жоғары деңгейде өтті! Аруларымыз өздерінің өнері, ақылы мен тапқырлығын паш етіп, көрермендерді тәнті етті. Байқау барысында қатысушылар ұлттық дәстүрімізді дәріптеп, шығармашылық қабілеттерін жарқырата көрсетті. Әсем ән, мың бұралған би, сәнді киім үлгілері мен жүрек тебірентер сөздер — бәрі де кештің көркін аша түсті! Жеңімпаз атанған аруымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Ағаш отырғызу челленджі
09
апрель
2025
Ағаш отырғызу челленджі
Бүгін 9 “В” сыныбы Республикалық ағаш отырғызу челленджі аясында мектеп ауласында көшет отырғызып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты.
«Жол қауіпсіздігі – бәріміздің ортақ міндетіміз!»
08
апрель
2025
«Жол қауіпсіздігі – бәріміздің ортақ міндетіміз!»
«Жол қауіпсіздігі – бәріміздің ортақ міндетіміз!» тақырыбында ата-аналармен маңызды жиналыс өтті. Мақсаты – балаларымызды жолдағы қауіптерден қорғау, олардың өмірі мен денсаулығын сақтап қалу үшін барлық ата-ананы жауапкершілікке шақыру.
-Отбасы.«Өнегелі 15 минут» тақырыбы бойынша «Біртұтас тәрбие бағдарламасы»
07
апрель
2025
-Отбасы.«Өнегелі 15 минут» тақырыбы бойынша «Біртұтас тәрбие
Адамның ең бақытты шағы отбасымен бірге болған уақыты. Әр баланың ең құнды байлығы, баға жетпес бақыты -отбасы.«Өнегелі 15 минут» тақырыбы бойынша «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында ата-ана баламен сөйлесіп, уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуге ықпал жасап, жеке қабілеттерін дамытуда қолдау көрсетті. Бейнероликте 3 «А» сынып оқушысы Марат Сайда анасымен