Алматы қаласы
Білім басқармасының
"С.Копбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 360 45 45
Есепші бөлімі:
+7(727) 360 45 45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сабақты зерттеу (Lesson Study) – тәжірибені жетілдірудің тиімді жолы» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
23
февраль
2024

«Сабақты зерттеу (Lesson Study) – тәжірибені жетілдірудің тиімді жолы» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.

Алматы қаласы  , Наурызбай ауданы «С.Көпбаев атындағы №186 ЖББМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылы 23 ақпанда 
«Сабақты зерттеу (Lesson Study) – тәжірибені    жетілдірудің тиімді жолы» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
    Семинар жұмысын ұйымдастырушылар: Алматы қаласы  Білім басқармасының "Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік  орталығы",  Наурызбай аудандық білім бөлімі,  «С.Көпбаев атындағы №186 ЖББМ» КММ .
Модераторлар: «С.Көпбаев атындағы №186 ЖББМ» КММ- Жетекші мектеп  директоры Раева Гулжазира Бекеновна, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Баймусаева Эльмира Токтаровна
   Семинардың мақсаты: Сабақты зерттеу (Lesson Study) барысында педагогтердің іс-тәжірибелерін жетілдіру және тарату.
Семинардың міндеттері: 
    Оқу үдерісінде тиімді әдіс-тәсілдер арқылы мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру;    Педагогтарға әдістемелік көмек беру, заманауи іс-тәжірибені оқып үйренуге, қолдануға бағыттау.    Жинақталған іс-тәжірибемен бөлісуАуқымды іс-шараға Алматы қаласы мектептерінің мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында:
  І. Мектеп директоры Раева Гулжазира Бекеновна  Сабақты зерттеу (Lesson Study) бойынша білім ордасында жүргізіліп жатқан бірнеше жылдық іс тәжірибелерді ортаға салып, нәтижелерімен бөлісті.
 ІІ. «Сабақты зерттеу (Lesson Study) – тәжірибені жетілдірудің тиімді жолы» тақырыбында зерттеу топтарының жетекшілері Жакаева Г.Т, Джазыкова Г.Р ,Ахтаева Ж.Б бірлескен коучинг жүргізді. Коучинг барысында семинар қонақтары мен ұйымдастырушылар арасында сабақты зерттеуге байланысты  тұшымды ойлар мен пікірлер ортаға салынды.
 ІІІ.Семинардың жоспарына сәйкес «Ұлағат»  (топ жетекшісі Алишева Ж.Р) , «Факел» (топ жетекшісі Жунусова Б.А ), «Созвездие Новая Эра» (топ жетекшісі Умарова М.Б) топтарында зерттеу сабақтары өткізілді.
1.Зерттеу сабағының тақырыбы: "Емен ағашы"  4 «В» сыныбы қазақ тілі (пән мұғалімі Назарбекова М.М)
2.Зерттеу сабағының тақырыбы: «Природно - ресурсный потенциал Казахстана»  9 «В» сыныбы география (пән мұғалімі Мамедова Н.А)
3.Зерттеу сабағының тақырыбы: «Жасанды интеллект» 11 «А» сыныбы, информатика(пән мұғалімі Ровшенов С.С)
ІV.Семинар барысында Мектеп директоры Раева Г.Б. Сингапурдағы білім беру ерекшеліктері және оны өз мектебімізге енгізу жөніндегі тәжірибелері мен пікірлерін ортаға салды. 
    Семинардың үшінші бөлімінде қонақтар «Жырлайды жүрек» тақырыбындағы әдеби-сазды концерттік бағдарламаны тамашалады.          
    Семинар соңында зерттеу топтарының жетекшілері жүргізген кері байланыстан ерекше әсер ала отырып, өткізілген жұмыстарды жоғары бағалап,шынайы пікірлері мен  алғыстарын білдірді.







Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: